Тағы бір қазаққа кәсіпқойда әлем чемпионы атану мүмкіндігі туды
Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) IBO белбеуі үшін таласуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) IBO белбеуі үшін таласуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Тұраров шаршы алаңға 11 желтоқсан күні Алматы қаласында оралады. Оның қарсыласы Венесуэла елінің өкілі Энрике Лиус болады. Бұл жекпе-жекте IBO Intercontinental белбеуі сарапқа салынады.
Дереккөздің ақпараты бойынша, егер Жанқош бұл кездесуде жеңіске жетсе, наурыз айында IBO белбеуінің иегері Алехандро Менесеспен кездесу өткізуі мүмкін.
Еске салайық, Тұраров соңғы мәрте шаршы алаңға өткен жылы желтоқсан айында шығып, 45 секундта Мысыр елінің боксшысы Әбдумонем Саидты жеңді.
Жарнама