Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жеңілмеген канадалық Стив Роллсқа (19-0, 10 КО) қарсы жекпе-жегі алдында екеуінің де карьерасын бір соққы өзгертіп жіберуі ммкін екенін айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бұл бокс. Бокста бір болжам айту немесе қарсыласты менсінбеу ақымақтық. Мен жылдам, ол күштірек, біреу қысқа немесе ұзын, Мұның бәрі ұсақ-түйек. Ол қазіргі орнынан асып түсуге лайқы екенін дәлелдегісі келеді. Бұл өмір. Бір соққы өміріңді өзгертуі мүмкін", - дейді Головкин.
Головкин - Роллс жекпе-жегі 8 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл Головкиннің DAZN стриминг қызметімен келісімшарт бойынша алты жекпе-жегінің біріншісі және жаңа бапкер Джонатан Бэнкстің жаттықтыруымен алғаш жұдырықтасуы.
Бокс
7 маусым 2019 17:43
Тағдырыңды бір соққы шешуі мүмкін - Головкин алдағы жекпе-жектің қаупі туралы
© boxingscene.com