Бокс
15 қаңтар 2021 11:09

Суперауыр салмақтағы қазақстандық нокаутшы титулды жекпе-жекке шығатын күн белгіленді

Жан Кособуцкий. Трансляциядан жасалған кадр

Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (14-0, 13 КО) рингке 20 ақпанда оралады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec ақпаратынша, бұл күні қазақстандық боксшы 38 жастағы чехиялық Павел Соурамен (13-3, 8 КО) жұдырықтасады. Гамбургте өтетін 12 раундты жекпе-жекте WBA International титулы сарапқа салынады. 

2020 жылы Кособуцкий екі рет жұдырықтасып, екі ретінде де жеңіске жетті. Осыдан кейін 32 жастағы қазақстандық WBC рейтингіне қосылды.

Кособуцкий IBO Inter-Continental титулына ие, бұл белбеуді ол хорватИялық Агрон Смакичиді бірінші раундта нокаутқа түсіріп жеңіп алған.