Суперауыр салмақта WBA International титулы бар қазқастандық Жан Кособуцкийдің (15-0, 14 КО) келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні белгілі, деп хабарлайды Vesti.kz.
BoxRec мәліметінше, 32 жастағы боксшы титулын Гамбургте қорғайтын болды. Бұл жекпе-жек 21 тамызда өтеді, ал қарсылас 31 жастағы америкалық Джоуи Давейко (21-8-4, 12 КО) болады.
Еске салайық, о баста Жан Лондонда бірінші жекпе-жегін өткізеді деп күтілген. Бұл үшін оған екі қарсылас таңдалған болатын.
Кейінгі рет қазақстандық боксшы осы Гамбургте ақпан айында жұдырықтасып, нигериялық Онориоде Евариемені (18-2, 17 КО) нокаутқа түсірген.