Мұның алдында қазақстандық кәсіпқой жекпе-жегін Германияда өткізетіні хабарланған болатын.
Кособуцкий былтыр қарашада хорватиялық Агрон Смакичиді (15-1, 13 КО) нокаутқа түсіріп, IBO ұйымының құрлықтық титулын жеңіп алған.
31 жастағы қазақстандық 2020 жылды бір жекпе-жек өткізіп үлгерді, Дубайда өткізген кездесуде ол 29 жастағы ганалық Абрахам Табулды (17-4-1, 14 КО) нокаутпен жеңген.
Еске салайық, Кособуцкий кәсіпқой карьерасын 2017 жылы бастап, Германия, БАӘ, Беларусь, Ресей мен Украинада өнер көрсеткен. Әуесқойда боксшы Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған.