Мұның алдында Хирн екі боксшы да екі жекпе-жек өткізуге келісім бергенін растады, ал келісімшартқа мән-жай келісілген соң бірден қол қойылады.
Осыдан кейін Хирн Instagtam желісінде DAZN стриминг қызметінде трансляцияланатын осы кездесудің афишасын жариялады.
Еске салайық, Джошуа IBF, WBA, WBO және IBO титулдарына ие. Ал Фьюри WBC чемпионы. Демек, боксшылардың бірі жекпе-жекке дейін белбеулерінен бас тартпаса, жеңімпаз абсолют чемпион атанады.