Бокс
10 сәуір 2020 08:44

Суперауыр дивизионда 12 нокауты бар жеңілмеген қазақстандық Германияда титулды жекпе-жек өткізуі мүмкін

Трансляциядан жасалған скрин
Суперауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жан Кособуцкий (13-0, 12 КО) Германияда титулды жекпе-жек өткізуі мүмкін. Мұның алдында кәсіпқой боксшы Vesti.kz тілшісіне рингке мамырда оралуы мүмкін екенін айтқан еді. 


31 жастағы қазақстандық 2020 жылды бір жекпе-жек өткізіп үлгерді, бұл кездесуде ол 29 жастағы ганалық Абрахам Табулды (17-4-1, 14 КО) нокаутпен жеңген.

Кособуцкий былтыр қарашада хорватиялық Агрон Смакичиді (15-1, 13 КО) нокаутқа түсіріп, IBO ұйымының құрлықтық титулын жеңіп алған.

Мамырдағы жекпе-жек тағдыры мен қарсыластың есімі кейін белгілі болады.

Еске салайық, Кособуцкий кәсіпқой карьерасын 2017 жылы бастап, Германия, БАӘ, Беларусь, Ресей мен Украинада өнер көрсеткен. Әуесқойда боксшы Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған.