Бокс
26 ақпан 2019 10:51
 
"Сұмдық төбелес болайын деп тұр". Сарапшы Головкин залындағы боксшының Шүменовпен жұдырықтасуы жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Сұмдық төбелес болайын деп тұр". Сарапшы Головкин залындағы боксшының Шүменовпен жұдырықтасуы жайлы Сурет: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©

Алғашқы ауыр салмақта WBA "қарапайым" чемпионы қазақстандық Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО) пен осы ұйымның "уақытша" чемпионы франциялық Арсен Гуламирян (24-0, 16 КО) арасындағы жекпе-жек шешуші болмақ. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында BoxingScene.com және fightclubcom.tr порталдарының шолушысы Сихат Гемичи осындай пікір білдірді.

Шүменовтың командасы бұл жекпе-жектің промоутерлік саудасын ұтып алған еді. Енді тараптар 29 ақпанға дейін келісімшарт жасасу қажет. Жекпе-жектің өтетін уақыты мен орны ретінде: 15 сәуір Монако, 30 сәуір Астана және 13 мамыр Нью-Йорк қарастырылып отыр.

"Гуламирян - тамаша боксшы. Ол элиталы боксшылар санатына кіру мүмкіндігіне лайық. Бұл кездесу Шүменов үшін де шешуші. Бұрынғы деңгейіне көтеріле алатынын көрсету керек. сұмдық төбелес болайын деп тұр", - дейді Гемичи. 

Еске салайық, 35 жастағы Шүменов WBA белбеуін былтыр шілде Астанада түркиялық Хизни Алтункаяны (31-3, 18 КО) техникалық нокаутпен жеңіп иеленген. Былтыр қаңтарда карьерасын қайта жалғастырған қазақстандық үшін бұл жекпе-жек 2016 жылдың мамырынан бергі алғашқы жұдырықтасу еді.

Ал 31 жастағы Гуламирянды Big Bear лагерінде қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес жаттықтырады. 

Жарнама

Живи спортом!