"Сұмдық жекпе-жек болады". Промоутер Садриддин Ахмедовтың төрт титул үшін айқасы туралы
Бірінші орта салмақта WBC "жастар" титулына ие Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) нидерландтық Стивен Даньомен (17-3-3, 6 КО) жекпе-жекке қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы RingTV сайтына сілтеме жасап.

Бұл кездесу 29 қаңтар Мексиканың Куэрнаваке қаласындағы бокс кешінде өтеді. Жеңімпаз WBA Continental, NABF, WBC Francophone және NABO титулдарын иеленеді.
"Бұл мен үшін жақсы сынақ. Даньо - менің ең мықты қарсыласым және біз аймақтық бірнеше белбеу үшін айқасамыз. Меніңше, карьерамның жаңа тарауы басталады. Даньо - техникасы жақсы және қайсар боксшы. Маған қарағанда, тәжірибесі мол, бірақ, мен бұл жекпе-жекке дайын келемін.
Рингке шыға алмай жүргеніме көп болды деп шағымданғым келмейді: қазір көптеген адам үшін ауыр уақыт. Өзгелер жұдырықтаса алмай жүргенде, промоутерім мені активте ұстап отырғанына қуаныштымын", - дейді Ахмедов.
Ахмедовтың ісін жүргізетін Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясының басшысы Камиль Эстефан да өз ойын айтты.
"Садриддин жас және бұл оның карьерасындағы алға бір қадам. Даньо - өте мықты ардагер, сондықтан бұл сұмдық жекпе-жек болады", - дейді промоутер.
Жарнама