Қазақстандық боксшы Ерасыл Жәкпеков Болгарияда өтіп жатқан Странджа кубогі-2025 халықаралық турниріндегі алғашқы айқасында қарсыласын нокаутқа түсірді, деп деп хабарлайды Vesti.kz.
80 келідегі 1/8 финалдық кезеңде ол пәкістандық Умаис Икбалмен жұдырықтасты.
Бұл жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталды, Ерасыл қарсыласын нокаутқа түсірді де, төреші айқасты тоқтатып тастады.Осылайша, Жәкпеков 1/4 финалға өтіп отыр, ол кезеңде қазақстандық боксшы ирландиялық Джеймсон Уэлланмен кездеседі. Ол өз кезегінде Қытайдағы қандасымыз Ербол Вейшанды (Бейсен) жеңген еді.