Бокс
7 тамыз 2017 09:40
 

Спаррингтен кейін жақсарды, алайда Головкинге жету қайда - Санчес "Канело" жайлы

  Пікірлер

blog.share

Спаррингтен кейін жақсарды, алайда Головкинге жету қайда - Санчес "Канело" жайлы © Ring TV

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 КО) олар өткізген спаррингтен бері күшейгендігін, бірақ мексикалыққа қазақстандықтың деңгейіне жетуге әлі алыс екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Спарринг туралы барлық мәліметті The Ring журналында жарияланған мақаладан оқи аласыздар. "Канело" ол кезде тым жас еді, меңінше, Сауль ол кезде 20 жаста болды. Орта салмақта жұдырықтасты, бірақ ол Головкин сияқты қатты соққы жасамайды. Олар сол кезде бір-біріне тек көмектесті. "Канело" ол уақытта Альфонсо Гомеспен өтетін жекпе-жекке дайындалып жатқан болатын ", - дейді Головкиннің бапкері.

Сондай-ақ, Абель Санчес спаррингтен кейін барлығы өзгергенін айтады. Оның айтуынша, Сауль қазіргі уақытта күшейді.

"Бапкері онымен жақсы жұмыс жасаған. Бірақ Головкин де күшейді. Бұл бір-біріне қарама-қайшы екі стильде жұдырықтасатын боксшылардың кездесуі болмақ, дегенмен олардың ұқсастықтары бар. Екеуі де жұдырықтаса алады және екеуі де жақсы панчерлер. Иә, Сауль күшейді, бірақ ол көбіне шапалақпен жұмыс істейді. Дегенмен жігіттер осындай деңгейдегі жекпе-жек өткізуге лайықты", - деді Абель Санчес FightHype.com басылымына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Абель Санчес осыған дейін Альварестің WBC титулына таласпайтыны туралы пікір білдірген болатын. "Бұл оның өз шешімі. Ол үлкен жігіт болды. Мұны өзі әрі командасы шешті. Мен оларды бұл үшін сынға алмаймын. Олардың нақты бір себебі бар шығар", - деген еді Санчес.

blog.share
WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 КО) олар өткізген спаррингтен бері күшейгендігін, бірақ мексикалыққа қазақстандықтың деңгейіне жетуге әлі алыс екенін айтты, - деп хабарлайды
vesti.
kz/"> Vesti.
kz
.


"Спарринг туралы барлық мәліметті The Ring журналында жарияланған мақаладан оқи аласыздар.
"Канело" ол кезде тым жас еді, меңінше, Сауль ол кезде 20 жаста болды.
Орта салмақта жұдырықтасты, бірақ ол Головкин сияқты қатты соққы жасамайды.
Олар сол кезде бір-біріне тек көмектесті.
"Канело" ол уақытта Альфонсо Гомеспен өтетін жекпе-жекке дайындалып жатқан болатын ", - дейді Головкиннің бапкері.


Сондай-ақ, Абель Санчес спаррингтен кейін барлығы өзгергенін айтады.
Оның айтуынша, Сауль қазіргі уақытта күшейді.


"Бапкері онымен жақсы жұмыс жасаған.
Бірақ Головкин де күшейді.
Бұл бір-біріне қарама-қайшы екі стильде жұдырықтасатын боксшылардың кездесуі болмақ, дегенмен олардың ұқсастықтары бар.
Екеуі де жұдырықтаса алады және екеуі де жақсы панчерлер.
Иә, Сауль күшейді, бірақ ол көбіне шапалақпен жұмыс істейді.
Дегенмен жігіттер осындай деңгейдегі жекпе-жек өткізуге лайықты", - деді Абель Санчес FightHype.
com басылымына берген сұхбатында.


Еске сала кетейік, Абель Санчес осыған дейін Альварестің WBC титулына таласпайтыны туралы пікір білдірген болатын.
 "Бұл оның өз шешімі.
Ол үлкен жігіт болды.
Мұны өзі әрі командасы шешті.
Мен оларды бұл үшін сынға алмаймын.
Олардың нақты бір себебі бар шығар", - деген еді Санчес.


Жарнама

Живи спортом!