Сауль "Канело" Альварес трилогия алдында Геннадий Головкинге қатысты жақсы пікір білдірді, деп хабарлайды vRINGe.com.
Мексикалық боксшы Головкиннің жапониялық Риота Муратамен (16-3, 13 КО) жекпе-жегін көрмегенін, алайда, қазақстандық оны тамсандырғанын айтады.
"Кейінгі айқасында мықты болды. Мен тек хайлайттарды тамашаладым, өйткені ол кезде Грекияда едім. Еш кемсіткім келмейді - ол өте мықты және талантты боксшы, рингте үнемі бабында болады. Ол бокстағы мықтылардың бірі екені сөзсіз", - дейді "Канело"