Бокс
21 мамыр 2020 14:04

"Сөздің әділі керек". Абель Санчес Головкинге дейін Қазақстанда кәсіпқой бокс болмағанын айтады

Сурет. ToFight.Ru
Қазақстандық Геннадий Головкинді (40-1-1, 35 КО) тоғыз жыл жаттықтырған америкалық бапкер Абель Санчес GGG-ге дейін Қазақстанда кәсіпқой бокс болмағанын айтады. 

"Ол үлкен жұлдыз емес еді. Сөздің әділін айтайық - ол кезде Қазақстанда кәсіпқой бокс болған жоқ. Оларда әуесқой бокс мықты еді, дегенмен, боксшылары кәсіпқойға өткен жоқ. 

Головкин АҚШ-та атын шығарғанша адамдар оның ізінен ерген жоқ. Осыдан кейін ол Қазақстанда атақты бола бастады. Бұрын да жақсы танығанымен, қазіргідей әйгілі емес еді. Қазір ол өз елінің қаһарманы және осы атаққа лайық", - деп келтіреді Санчестің сөзін Sky Sports.