Жартылай ауыр салмақта WBC және IBF чемпионы Артур Бетербиев германиялық Адам Дайнесті техникалық нокаутпен жеңіп, титулдарын қорғап қалды,- деп хабарлайды Vesti.kz.
12 раундқа есептелген жекпе-жек Мәскеуде өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Алайда ресейлік чемпион осы уақытқа дейін ешбір кездесуін өлшелген уақытына дейін жеткізген емес, ол барлық қарсыласын сұлатып келеді.
Бұл жолы да солай болды. Бетербиев бірінші раундта-ақ Дайнесті нокдаунға түсірді. Оныншы раундта германиялық боксшы екінші рет құлады. Осыдан кейін айқас тоқтатылды.
Осылайша, 36 жастағы Бетербиев кәсіпқойдағы 16 жекпе-жегінің бәрін нокаутпен жеңді. Ал 30 жастағы Дайнес карьерасында екінші рет жеңіліп отыр, сонымен бірге, ол 19 рет жеңген және бір рет тең түскен екен.
Еске салайық, мұның алдында Бетербиев 2019 жылы украиналық Александр Гвоздикті нокаутқа түсірген, осыдан кейін ол карьерасын аяқтады.