Бокс
5 желтоқсан 2019 12:06
 
"Сонымен, қалай сабайын?". Джошуа төрт титул үшін жекпе-жек алдында Руисті састырды

  Пікірлер

blog.share

"Сонымен, қалай сабайын?". Джошуа төрт титул үшін жекпе-жек алдында Руисті састырды © boxingscene.com

Супер ауыр салмақта IBF, WBO және WBA чемпионы мексикалық Энди Руис пен (33-1, 22 КО) британиялық Энтони Джошуа (22-1, 21 КО) қарымта жекпе-жек алдында баспасөз мәслихатында бетпе-бет кездесті. 

Боксшылар дәстүр бойынша жекпе-жек жайлы ойларын айтып, бір-бірінің көзіне тік қарады. 

Энди Руис: "1 маусымда мен тарихқа кірдім, енді 7 желтоқсанда мұны қайталау маңызды. Джошуаның жекпе-жекке басқа жоспары барын білемін, менің басты міндетім - бәріне дайын болу. 

Әрине бұл белбеулерден айырылғым келмейді. Бокспен 6 жасымнан айналысамын, енді міне жемісін берді. Ауыр еңбекпен келгенді ешкімге бермеймін". 

Энтони Джошуа: "Үміткер болған қызық екен, Кличкомен өткен 16-шы жекпе-жегімде осылай еді. Бұл айқасты асыға күтемін. Жүрегімде еш қорқыныш жоқ, көзімнен де көре алмайсыздар.

Титулдарды қайтару мен үшін өзгеше дүние болады, өйткені бұл менің орным екенін білемін. Ал одан кейін жеңісті тойламаймын. Ары қарайғы мақсаттарыма жетуім керек. Руис орындау керектің бірі ғана". 

Баспасөз мәслихатында қызықты жай болды. Фотосессиядан кейін Джошуа қарсыласына мынадай сұрақ қойды: "Сонымен, сені жеңетін стратегия қандай?". Руис бірден жауап бере алмай кідіріп қалды, артынан екі боксшы да күлді. 

Жекпе-жектің өзі 7 желтоқсан Эр-Рияда маңындағы (Сауд Арабиясы) 15 мың адам сиятын Diriyah Arena шаршы алаңында өтеді.

Жарнама

Живи спортом!