Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (51-1-2, 35 КО) үшінші жекпе-жек боларына сенімді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бұл жекпе-жекті әрбірі көргісі келеді. Бұл кездесуді қалаймын, бәрі де қалайды. "Канеломен" үшінші рет жұдырықтасу неге маңызды екенін бәрі түсінеді. Біз осылай соңғы нүктені қоятын едік", - дейді Головкин баспасөз мәслихатында.
Боксшылар Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында екі рет жұдырықтасқан: 2017 жылы қыркүйекте тең түсті, ал бір жыл өте Альварес төрешілер шешімі бойынша жеңді. Осылайша, Головкин алғаш рет жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айрылды.

Жарнама