Бокс
5 мамыр 2021 10:07
 
Сондерстің әкесі "Канеломен" жекпе-жекке қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Сондерстің әкесі "Канеломен" жекпе-жекке қатысты күтпеген мәлімдеме жасады Сурет: Jersey Evening Post

Екінші орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерстің (30-0, 14 КО) әкесі Том Сондерс мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (55-1-2, 37 КО) жекпе-жек өтпейтінін мәлімдеді. Бұл туралы "Чемпионат" сайты Boxingnews24.com порталына сілтеме жасап хабарлап отыр.

Оның сөзінше, мәселе ринг көлемінде болып тұр. Бастапқыда Сондерс 24 фут көлеміндегі рингте жұдырықтасқысы келген, ал Сауль 18 футтық рингті талап еткен.

Ақыры боксшылар 22 фут көлемге келіскен екен, алайда, соңғы сәтте Альварес 20 футты талап ете бастапты. Ал британиялық боксшы үшін бұл тиімсіз екен. 

Егер алдағы күндері тараптар бір келісіге келмесе, "Канело" өзге британиялық боксшы Джон Райдермен (29-5, 16 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Айта кетейік, Альвареспен 8 мамырға белгіленген жекпе-жек үшін Сондерс карьерасындағы рекордты гонорар алу керек. Сыбыстар бойынша, оған жеті миллион доллар тиеді.

Жарнама

Живи спортом!