Бокс
2 қазан 2018 10:20
 
Сондерске Головкиннің салмағындағы чемпиондық жекпе-жек алдында шығарылатын үкім белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

Сондерске Головкиннің салмағындағы чемпиондық жекпе-жек алдында шығарылатын үкім белгілі болды © ringtv.com

Орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) допинг дауынан ақталып шығып, белбеуін қорғауға мүмкіндік алды. Бұл туралы Welwyn Hatfield Times хабарлап отыр.

Сондерс міндетті қарсылас америкалық Деметриус Андрадемен (25-0, 16 КО) жекпе-жекке бір ай қалғанда допингпен ұсталған еді. Кездесу 20 қазан Бостонда өтеді деп белгіленген. Британиялықтың допинг-сынамасынан оксилофрин қалдықтары анықталған болатын, бұл препарат амфетаминдер тобына жатады және шыдамдылықты арттырады. 

Алайда Сондерстің командасы Бокс бойынша Британия бокс кеңесінің (BBBofC) допингке қарсы нормаларын бұзбағанын мәлімдеді. Британиялықтың промоутері Фрэнк Уоррен чемпионның қанына анықталған препаратты қолдануға Біріккен Корольдіктің допингке қарсы агенттігі (UKAD) WADA ережесіне сай рұқсат еткен.

Бостондағы барлық жекпе-жектерге жауапты Массачусетс штатының атлетикалық комиссиясы Сондерстің ісін 8 қазанда қарайды. Осы кезде чемпион мен оның атағына қатысты шешім шығу керек. 

Алайда Welwyn Hatfield Times басылымының мәліметінше, допингке қарсы агенттіктер Сондерстің апелляциясын қабылдап, жекпе-жекке рұқсат берген.

Жарнама

Живи спортом!