Орта салмақтағы WBO чемпионы Билли Джо Сондерс WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (49-1-2, 34 КО) жеңген соң, барлық белбеуді біріктіретін жекпе-жек өткізетініне үмітті.
Британиялық боксшы Головкинге рингке Борат костюмін киіп шығуды ұсынды.
"Головкинге алғашқы жекпе-жекте әділетсіздік жасалды. Головкин қарымтада өзінікін алады деп үміттемін. Ол жеңеді деп ойлаймын. Адамдарға "Канелоның" допингін ұмытып, жекпе-жектің өзі туралы ойлау керек, өйткені болғаны болды. Головкин жеңеді және мен де жеңемін деген үміттемін, осыдан кейін белбеулерді біріктіретін жекпе-жек ұйымдастырамыз. Мен оны манкиниде болғанын қалаймын, манкини (Бораттың костюмі) киіп шықсын", - деп келтіреді Сондерстің сөзін Boxing Social.
Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болады. Бұл кештің андеркартымен мына жерде таныса аласыз.

Жарнама