Бокс
16 мамыр 2017 11:04
 
Сондерс Головкин - Альварес жекпе-жегіне болжам жасады

  Пікірлер

blog.share

Сондерс Головкин - Альварес жекпе-жегіне болжам жасады Билли Джо Сондерс. © World Boxing News

WBO тұжырымдасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдамалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 КО) алдағы жекпе-жегіне қатысты болжам жасады , - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бастапқыда мен сенімді түрде Головкин жеңіске жетеді деп ойладым, бірақ "Канелоның" да бірнеше әдісі бар. Барлығы Головкин қартайды ма, жоқ па - соған байланысты", - деп келтіреді BoxingScene.com басылымы Сондерстің сөзін.

Еске сала кетейік, осыған дейін Сондерс Головкинді допинг қолданды деп пікір білдірген еді. "Шындыққа тура қарайықшы, соңғы жекпе-жегінде Головкин бір екі-үш жыл бұрын көріп жүрген өзінің мықты нұсқасын байқатпады. Ол - баяу. Меніңше, мұның барлығы Джейкобспен жекпе-жегінің алдында өткен бес бірдей допинг-сынағына байланысты болып отыр. Америкада бұл қалай өтетіні жайлы менің ойым осылай. Ол өз мүмкіндігінің шыңында жұдырықтаса алмады, себебі осы жекпе-жек әділ өтті", - деп келтірген еді Сондерстің сөзін басылым.

Жарнама

Живи спортом!