Бокс
4 қараша 2022 08:52

"Солақай". Промоутер "Канело" кімнен қорқатынын айтты

©instagram.com/canelo

Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя екінші орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес отандасы Хильберто Рамирестен сескенетінін айтады. Бұл туралы Boxing Social жазып отыр. 

"Зурдо" (Рамирестің лақап аты, солақай дегенді білдіреді) Биволды жеңсе, ол "Канелоны" айқасқа шақыратыны анық. Ал Альварес өз кезегінде мексикалықтармен айқаспаймын деген сылтаумен жекпе-жектен қашады. Боксшылардың айналып өткісі келетін қарсыластары болады. Міне Сауль де Рамиреспен жекпе-жекті қаламайды", - дейді "Канелоның" бұрынғы промоутері. 

Мұның алдында Сауль Альварес мексикалық болғандықтан Давид Бенавидес пен Рамиреспен де айқасқысы келмейтінін айтқан болатын. 

Ал Дмитрий Бивол мен Рамирес жекпе-жегі 5 қараша Абу-Дабиде өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport