"Соққысы сұмдық, немен бітері белгісіз". Шетелдік сарапшы украиналық нокаутшы мен Тұрсынбайдың айқасы жайлы
Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (3-0, 2 KO) үшін 10-шілде Алматыдағы бокс кешіндегі Станислав Скороходпен (20-2, 17 КО) жекпе-жек өте тартысты болады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Fightmag.com журналисті Франко Луччи осындай пікір білдірді.

"Құлахмет - қазақстандық боксшылардың жаңа буынындағы мықтылардың бірі. Қарсыластарының деңгейі мен жекпе-жектерінің сапасы оның дивизион жұлдызына айналарын көрсетіп отыр. Ол мықты отандасын жеңуден бастап, екінші жекпе-жегінде титул иеленді. Ал үшінші айқасында белбеуін жеңілмеген проспекттен қорғап қалды.
Келесі кедергі - украиналық нокаутшы. Скороход та дивизиондағы мықты боксшы. Соққысы сұмдық, ал өзі есеңгіреп көрмеген. Даулы екі жеңіліс оның статистикасын бүлдіріп тұр, алайда, Құлахметті жеңсе украиналық көзге түседі. Бұл айқастың немен бітері белгісіз, қызықты кездесу болады. Қалай аяқталатынын айта алмаймын, бірақ, бәрін селт еткізер жекпе-жек болары сөзсіз", - дейді Луччи.
Жарнама