"Шыны керек, бірінші раундта... ". Махмұт Сабырхан Олимпиададағы жеңілісі жайлы
Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Олимпиададағы жеңілісен қатысты өз ойын айтты.
Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Олимпиададағы жеңілісен қатысты өз ойын айтты.
Өзі үшін жаңа салмақ болып келетін 57 келідегі 1/8 финалда Махмұт испаниялық Хосе Кильеске есе жіберді.
"Бұл жекпе-жекте барымды салдым. Қарсыласымның қапталдан ұрған соққылары өтіп кетті. Негізі, бір раундта 0:5 есебімен ұтылдым деп ойламаймын.
Төрешілер екі раундта да жеңісті қарсыласқа берген соң, үшінші раунд ештеңені шешпейтінін түсіндім. Алға көп бармай, күтіп алуға тырыстым.
Шыны керек, бірінші раунд бәрін құртып жібердім. Бұл раундты мен алдым деп ойлаймын. Екінші раундта да жеңілдім деп ойламаймын.
Осымен, Олимпиаданы аяқтадық. Мен шаршаған жоқпын. Тек төрешілер жеңісті бермей жатқасын, үшінші раундта қарсыласты күтіп алуға тырыстым", - деді Сабырхан.
Жарнама