Шымбергенов пен Бекбауов. Боксшылармыздың Ташкенттегі жекпе-жектеріне трансляция

6 мамырда Ташкенттегі бокстан әлем чемпионатының алтыншы жарыс күні өтеді. Рингке бүгін Қазақстан құрамасынан екі боксшы шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
6 мамырда Ташкенттегі бокстан әлем чемпионатының алтыншы жарыс күні өтеді. Рингке бүгін Қазақстан құрамасынан екі боксшы шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
15:00-де басталатын күндізгі сессияда Дулат Бекбауов Б рингінде 1/16 финалдық айқасын өткізеді. 67 келіде өнер көрсететін қазақ боксшының қарсыласы румыниялық Андрей Мустет.
Дулаттың артынша сол Б рингінде 71 келідегі Асыланбек Шымбергенов Тринидад және Тобаго елінің өкілі Аарон Принспен айқасады.
Qazsport арнасы жекпе-жектерді тікелей көрсетеді. Сонымен бірге, интернет трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді.
Жарнама