Бокс
24 сәуір 12:14
 

Шымбергенов алғаш рет Олимпиададағы сенсациялық жеңілістің себебін айтты

  Пікірлер

blog.share

Шымбергенов алғаш рет Олимпиададағы сенсациялық жеңілістің себебін айтты ©Сали Сабиров

2023 жылғы әлем чемпионы және Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегіндегі сенсациялық жеңілісін түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz YouTube-тегі AQYRYS SEITQAZY арнасына сілтеме жасап.

blog.share

2023 жылғы әлем чемпионы және Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегіндегі сенсациялық жеңілісін түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz YouTube-тегі AQYRYS SEITQAZY арнасына сілтеме жасап.

Белгісіз сырқат салдары

"Олимпиада алдындағы оқу-жаттығу жиындарында мен ауырып қалдым. Бір апта бойы дене қызуым түспей қойды. Бұған дейін мұндай жағдай болмаған еді, ары кетсе екі күн ұстайтын.

Сол кезде құраманың дәрігерлері шошып кетті, маған түрлі дәрілер бере бастады, бірақ, олар көмектеспеді. Кейін біз ХОК-тың антидопинг агенттігіне ресми хат жазып, құрамында тыйым салынған заты бар препаратты салуға рұқсат сұрадық. Олар рұқсат берді.

Сол дәрі маған көмектесті. Бірақ меніңше, дәл осы дерт – менің жеңілісімнің басты себебі болды", – деді боксшы журналистке берген сұхбатында.

Еске салсақ, 2024 жылғы Париж Олимпиадасында 71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Асланбек алғашқы айналымда иорданиялық Зейяд Ишаиштен жеңіліп қалды. Бұған дейін Шымбергенов Олимпиада алтынына басты үміткерлердің бірі саналған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!