Олимпиада жүлдегері өзбекстандық Шахрам Гиясов (17-0, 10 KO) алдағы жекпе-жегінде екі чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасатын болды. Бұл шешімді Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Суперчемпионға қарсы тұрадыWBA ұйымының жартылай орта салмақтағы суперчемпионы – америкалық Джарон Эннис (34-0, 30 KO) пен Гиясов арасында титулдық жекпе-жекке санкция берді. Эннисте WBA белбеуінен бөлек, IBF титулы бар.
12 сәуірде Эннис литвалық Эймантас Станонисты жеңіп, екі титулды біріктірді. Осыдан кейін WBA оны Шахрам Гиясовпен жекпе-жек өткізуге міндеттеді. Қарсыластарға келіссөздер өткізіп, бір шешімге келу үшін 120 күн уақыт берілді.
Титулға таласГиясов кейінгі рет 13 сәуірде АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Атлантик-Ситиде өткен бокс кешінде аргентиналық Франко Максимилиано Окампоны төртінші раундта нокаутқа түсірді.
Осы жеңіс арқасында өзбек боксшысы чемпиондық жекпе-жектерге дайын екенін дәлелдеді.
Жекпе-жектен соң Шахрам бұл жеңісін наурыз айында ғана шетінеп кеткен 2 жастағы қызына арнайтынын айтып, көз жасын ұстай алмаған еді.
"Бұл жекпе-жек менің қызыма арналады. Бұл жеңіс менің қызым үшін. Мен оған әлем чемпионы боламын деп уәде бергенмін", – деді Гиясов рингте тұрып.