Бокс
23 сәуір 2021 22:01

Шешуіші айқаста ЕЧ-2020 жүлдегерін жеңген қазақстандық боксшы әлем чемпионы атанды

Сурет: ҚБФ

Сабыржан Аққалықов Польшадағы бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын жүлдені салды, деп хабарлайды Vesti.kz.

64 келідегі шешуші айқаста Сабыржан 2020 жылғы еуропа чемпионатының қола жүлдегері украиналық Бозборбой Матякубовты жеңді. 

Қазақстандық боксшы үш раундта да қарсыласынан анық басым болды (5:0). 

Айта кетейік, құрама қоржынына бірінші алтынды 49 келіде Санжар Тәшкенбай салған болатын. Ал Ерболат Сабыр (56 келі) және Елнұр Сүйінбай (60 келі) финалда қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлде иеленді.