Бокс
7 қараша 2018 08:15
 
"Шеберлік айырмашылығы бірінші раундта-ақ байқалды". BoxingScene шолушысы Әлімханұлы мен Рахманқұлов жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Шеберлік айырмашылығы бірінші раундта-ақ байқалды". BoxingScene шолушысы Әлімханұлы мен Рахманқұлов жайлы © TopRank.com

BoxingScene.com шолушысы Сихат Гемичи Vesti.kz тілшісімен сұхбатында сенбі АҚШ-тың Эль-Пасо қаласындағы өткен қазақстандық боксшылар Жәнібек Әлімханұлы  (4-0, 1 КО) мен Саңадат Рахманқұловтың (3-1, 1 КО) жекпе-жектеріне қатысты пікіін білдірді. 

Әлімханұлы сегіз раундтық жекпе-жекте төрешілердің бөлек шешімімен жергілікті Вон Александерді (12-2, 8 КО) жеңсе, Рахманқұлов пуэрторикалық Никлаус Фластан (6-1, 1 КО) жеңілген болатын.

"Әлімханұлы мен Александердің жекпе-жегі тегеурінді болатынын күткенмін. Алайда тәжірибесі аздығына қарамастан, қазақстандық қарсыласын сенімді жеңді. Шеберліктеріндегі айырмашылық алғашқы раундтан-ақ байқалды. 

Төрешілердің бірі жеңісті америкалыққа бергеніне таңдандым. Бір ғана раундтың тең болғанын көрдім, ал қалғандарында Әлімханұлының басымдығы айқын көрінді. Бұл тамаша боксшы және Боб Арум үшін жаман емес келісім.

Рахманқұловтың жеңіске жете алмағаны өкінішті. Оған қобалжу мен тәжірибенің аздығы бөгет болды деп ойлаймын. Өзіне келуі кеш болды және қарсыласына аз уақытта зиян келтіре алмады", - деп атап өтті Гемичи. 

Жарнама

Живи спортом!