"Шавкат қажетті ем алды". Промоутер Рахимовтың нокауттан кейінгі жағдайын айтты

9 ақпан АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өткен бокс кешінде екінші жартылай жеңіл салмақтағы тәжікстандық боксшы Шавкат Рахимов америкалық Джастин Полдомен жекпе-жекте ауыр нокаутқа түсті, деп жазады vRINGe.com.

Жекпе-жектен кейін Рахимовты ауруханаға жедел түрде жеткізді. Дәрігерлер боксшының минына қан құйылғанын анықтады. Дегенмен спортшының денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, сондықтан дүйсенбіде оны үйіне жіберген екен.
Алайда боксшы карьерасын аяқтауы мүмкін, үш айдан кейін Шавкат медициналық бақылау қорытындысына байланысты шешім шығарылады.
"Бұл қауіпті жұмыс, біздің міндет - боксшылардың денсаулығын сақтау. Шавкат өзін жақсы сезініп, Лос-Анджелестегі үйіне оралды. Оған қажетті ем-дом жасалды. Дәрігерлер ары қарай не істеу керегін анықтайды, бірақ, қазіргі таңда ол тексерістен өтіп, өзін жайлы сезінеді, енді біраз демалады", - дейді промоутер Сэмпсон Левковиц.
Жарнама