Белгілі кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) балалық шағындағы естелігімен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"90 жылдары бізде жүргенбіз а так та. Бірақ мектепте жүрдік. Юпийді ішіп, қонақ келсе қоям деп отырған кәмпиттерін ұрлап анамыздан талай таяқ жегенбіз. Кеш батқанша асық ойнап, флякпен су тасығанбыз. Светсіз 2-3 айлап шаммен сабақ оқығанбыз. Бұның бәрі біздің балалық шақтан қалған керемет естеліктер. Замандастар, Алла жазса біздің де дәуір келе жатыр", - деп жазды Ербосынұлы инстаграм парақшасында.
Еске салайық, Айдос Ербосынұлы супер орта салмақта WBA белбеуіне міндетті үміткер.