"Оның адамдары маған байланысқа шығып, Майкпен телефон арқылы сөйлестік. Майк 500 миллион доллар туралы айтқан, алайда, құжаттағы шынайы сомманы көргенде, соқыр тиын ғана екенін көрдім.
Бұл әзіл деп ойладым, сұмдық қой. Бірақ бұл басынан-ақ ыңғайсыз жағдай екенін түсіндім. Тайсон жеңсе, мені 53 жастағы шал жеңіп кетті деп жерден алып жерге салар еді. Ал оны сабасам, мені бәрі оңбаған деп атап кететіні сөзсіз болды", - дейді Фьюри.