Бүгін, 5 мамырда Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан атынан рингке бірінші болып Серік Теміржанов шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
57 келіде өнер көрсететін Серіктің 1/16 финалдағы қарсыласы Мали елінің боксшысы Абдул-Карим Батили болды. Теміржанов бұл айқаста ұпай санымен басым түсті.
Серік Теміржанов - 2021 жылғы әлем біріншілігі мен 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.