Бокс
Кеше 12:36
 

Сенсациялық айқастан кейін Ахмедовті бокстан шеттеді

  Пікірлер

blog.share

Сенсациялық айқастан кейін Ахмедовті бокстан шеттеді ©instagram.com/sadriddin_____soq

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO) АҚШ-та өткен жекпе-жектен кейін дисквалификацияланды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO) АҚШ-та өткен жекпе-жектен кейін дисквалификацияланды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қарсыласы ұазық мерзімге кетті

19 сәуірде Ахмедов АҚШ-тың Коммерс қаласында өткен бокс кешінде мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6-1, 16 KO) жұдырықтасты. Он раундқа созылған айқас тең аяқталып, сенсация болды.

Осыдан кейін Калифорния штатының Атлетикалық комиссиясы Ахмедовке 25 сәуірге дейін жекпе-жекке шығу және спарринг өткізуге тыйым салды. Бұл боксшының денсаулығын қалпына келтіру үшін қабылданған медициналық сипаттағы уақытша сақтық шарасы.

Айта кетейік, оның қарсыласы Эспадасқа бұдан да ұзақ мерзімге дисквалификация берілді - ол 16 қазанға дейін, яғни жарты жылға рингтен шеттелді.

Айта кетейік, АҚШ-та Садриддин Ахмедовті жиі Геннадий Головкинмен салыстырады, себебі ол GGG-нің бұрынғы командасымен жұмыс істейді: бапкері Абель Санчес, промоутері Том Леффлер, ал менеджері Олег Герман.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!