Олимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері және үш дүркін әлем чемпионы кубалық Ласаро Альварес, Белградтағы (Сербия) биылғы әлем чемпионатында жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Атақты боксшы 60 келідегі 1/32 финалда жапониялық Хаято Цуцумиге есе жіберді.
Айта кетейік, бұл Куба боксшыларының қатысуымен болған екінші сенсация. Мұның алдында Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Роньель Иглесиас жарыстан шығып қалды.