Секеңдегені көмектеспеді. Қазақтың ринг қожайынымен айқасы бір жақты басымдықпен өтті

Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Софияда өтіп жатқан Старнджа кубогінің 1/4 финалына өтті, деп жазады Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Софияда өтіп жатқан Старнджа кубогінің 1/4 финалына өтті, деп жазады Vesti.kz.
Бұл жарысты кіші әлем чемпионаты деп те атайды.
67 келідегі 1/8 финалда ол болгариялық Эмирджан Мехмедпен жұдырықтасты.
Санатәлі бірінші раундтан бастап 5:0 есебімен анық басымдығын көрсетті.
Екінші раундта да Төлтаев төрешілердің ортақ шешімімен жеңді.
Айта кетейік, екінші раундтан бастап жеңіліп жатқанын сезген ринг қожайыны "секеңдей" бастады - ол ашық айқастан ринг айнала қашып, Санатәлі қашықтықты қысқартса, оған жабысып ала берді. Алайда қазақ боксшы үшінші раундта да анық басым болып, жеңіске жетті - 30:26, 30:27, 30:27, 30:26, 30:27.
27 ақпанда өтетін ширек финалда қазақ боксшы Демур Каджай (Грузия) - Ю Линь (Тайвань) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі.
Жарнама