Бокс
5 қыркүйек 2018 10:19
 
"Сазайын бергім келеді". Головкин Альвареспен қарымтаға қатысты мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

"Сазайын бергім келеді". Головкин Альвареспен қарымтаға қатысты мәлімдеме жасады © RingSide24

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) сазайын тартқызғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды BoxingScene.

"Сазайын бергім келеді. Жұдырықтасып, өзі мен командасы істеген жамандықтары үшін жазалап, өз орнын көрсеткім келеді", - дейді Головкин. 

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған болатын.  

Осыдан кейін тараптар 5 мамырда қарымта өткізу туралы келісімге келеді. Алайда ақпанда Альварес допингпен ұсталып, алты айға бокстан шеттеледі. Осыдан кейін боксшылар арасындағы қарым-қатынас күрт бұзылып, тараптардың қарымтаны 15 қыркүйекте өткізу туралы келіссөздері өте ауыр жүрді.

Жарнама

Живи спортом!