Шетелдік бокс жанкүйерлері мен сарапшылар ауыр салмақтағы өзбекстандық Баходир Джалоловтың (14-0, 14 КО) болашағы зор болады деген болжам жасап отыр.
Парижде екінші рет Олимпиада чемпионы атанғаннан кейін өзбек боксшы әуесқойды тастап, толықтай кәсіпқой боксқа өтті.Х желісін қолданушылардың бірі Джалоловты "Үлкен өзбек" деп атап, оны суперауыр дивизионның үміті деп отыр: "Александр Усик кете салысымен 24 ай ішінде Баходир Джалоловтың "патшалығы" басталады", - деп жазыпты ол.
"Екі метр құбыжық". Джалоловқа Қазақстаннан қарсылас табылды
HamedBoxing никімен таныстырлылған Grueling Truth радиосының бұрынғы шолушысы Баходир кәсіпқойда үлкен жетістікке жетеді деген ойда:"Джалоловтың рекорды - 14-0, 14 КО. Деонтей Уайлдермен салыстырғанда, меніңше, бұл жағынан Джалоловтікі салмақтылау. Баходирдің Мозес Итаумаға қарсы айқасы суперауыр салмқатағы ең мықты жекпе-жек болуы ықтимал".