Бокс
20 қыркүйек 2021 15:31

Сарапшы қазақстандық нокаутшының Гангорамен қарымта айқасына қатысты ойын айтты

©instagram.com/ali_akhmedov_officialpage/

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (17-1, 13 КО) "Пантера" лақап атты перулік Давид Сегарраны (34-6, 21 КО) нокаутпен жеңді. Белгілі бокс сарапшысы Людо Саенс Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында осы айқасқа қатысты өз ойын айтты.

Бұл кездесу 16 қыркүйек Монтебелло (Калифорния штаты, АҚШ) қаласындағы бокс кешінде өтті. Ахмедов төртінші раундында техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын. 

"Али Ахмедов желтоқсандағы нокауттан кейін бірінші жекпе-жегін өткізді. Қарсылас осал болмады, бірақ, қазақстандық өзін жақсы көрсете алды. Айқасты бақылауында ұстап, әдістер байлығын тамашалатты. Өз қателіктерін түзегені және күшін ақылмен қолданғаны көрініп тұр. Ол нокаутты көздеген жоқ, бірақ жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Қарсылас коронавируспен ауырғаны да әсер еткен болар. Бұл Сегарраға барын салуға кедергі болды.

Енді бабының шыңырау шегіне жету үшіп ол әлі бір-екі айқас өткізетін шығар. Алда мүмкіндіктері көп. Карлос Гангорамен қарымтаны ғана ойлай беруге болмайды. Суперорта салмақта мықты боксшылар жетерлік, олар Ахмедовке қарсы тамаша айқастар көрсете алады. Карьерасын ары қарай да бақылап отырамыз", - деп атап өтті Саенс.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport