Қазақстандық Жан Кособуцкий (14-0, 13 КО) мен нигериялық Онориоде Евариеме (18-1, 17 КО) арасындағы WBA International титулы үшін жекпе-жекте деңгей айырмашылығы шешуші болады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ctsport.cz журналисті Ладислав Юрчик осындай пікір білдірді.
"Евариеме өте ірі. Жекпе-жектер тізімі де жақсы, бірақ, қарсыластары әлсіз болған. Африка мен Оңтүстік Америкада өнер көрсетіп жүрген мықты боксшылар көп пе? Ол бойшаң, әрі мықты, дегенмен, оның Еуропадағыдай қарсыласы болмады. Жан оны өзінің шеберлігі арқасында жеңеді деп ойлаймын.
Соурмен айқас болмай қалғаны өкінішті. Онымен қызықтырақ болатын еді. Болашақта бұл боксшылар кездесе алады деген үміттемін. Бірақ Кособуцкий жоғары деңгейге шығып кетті", - дейді Юрчик.
Айта кетейік, африкалық боксшы ірілігіне байланысты "Годзилла" лақап атын иеленген.