Сарапшы "Канело" мен Головкин трилогиясына қарсыларды атады
© boxingscene.com
Жеңіл салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, ал қазір телекомментатор әрі сарапшы Рэй Манчини FightHub TV арансына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты.
"Головкин екі жекпе-жекті де таза жеңді деген ойдамын. Қарымтадағы соңғы раунд шешуші болды, Геннадий онда басым болды. GGG алғашқы жекпе-жекті де жеңді. Мені түсініңіздер, "Канело" маған ұнайды, ол өте тамаша боксшы. Қазір ол чемпион және оған 160 фунтқа оралып, барлық дауға нүкте қою қажет деп ойлаймын.
Бірақ бұл болмайтын шығар. Оскар Де ла Хойя жақын арада бұған көне қоймас. Ол Геннадийдің әбден қартайғанын күтеді. Бұл қисынсыз деген ойдамын. Өйткені бұл кездесу екеуі үшін де ең үлкен жекпе-жек, басқалармен жұдырықтасудың не қажеті бар? Бұл бизнес.
Бұл әлі де ең үлкен жекпе-жек, енді неге оны қайта ұйымдастырмасқа? Оның өтетінін жариялап қоятын уақыт болды, бірақ, Де Ла Хойя мұны жасайтын түрі жоқ", - дейді Манчини.
"Golden Boy үшінші жекпе-жекті өткізбеуіне себеп көп. Біз Эдди Хирннің айтқанын естідік (Matchroom Boxing промоутері): "GGG промоутер мен платформа іздеп жүр, ESPN-ді де қарастыруда. Егер ол "Канеломен" жекпе-жекті қаласа, DAZN-ен келісімшарт жасасу керек", - деп атап өтті Манчини.

Жарнама