Сарапшы Жүкембаевтың айқасына әділ болжам жасады

Қазақстандық Батыр Жүкембаевтың (20-1, 16 КО) аргентиналық Уго Альберто Рольданмен (22-1-1, 7 КО) жекпе-жекте ешқандай басымдығы жоқ. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында World Boxing News порталының редакторы Фил Джей осындай пікір білдірді.

Он раундқа есептелген жекпе-жек 21 қыркүйек Плант-Ситиде (Флорида штаты, АҚШ) өтеді.
"Ұзақ уақыт рингке шықпаған боксшының қазіргі жағдайы қандай екенін айту қиын. Матиастан кейін Жүкембаев мықты қарсыласпен айқаспады. Ал сол жекпе-жекте есеңгіреп қалды. Осылай темпін жоғалтты.
Батырдың келесі қарсыласы осыны пайдалануы мүмкін. Менің болжамым - жекпе-жек немен бітетіні белгісіз. Хуго үшін бұл АҚШ нарығына ілінудің екінші мүмкіндігі, Жүкембаевта та сондай. Міне бұл осы жекпе-жекті қызықты ете түседі", - дейді Джей.
Жарнама