Сарапшы Жәнібектің салмағында абсолют чемпион кім болатынын айтты

Америкалық журналист Джек Маккаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында орта салмақта WBC чемпионы Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) мен IBF және WBO титулыдарына ие Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 11 КО) арасында өтуі мүмкін жекпе-жек туралы ойын айтты.

Чарло жуырда Жәнібекпен жекпе-жекке келіскендей болды.
"Әлімханұлы мен Чарло айқасы - орта салмақтағы ең қызықты жекпе-жектердің бірі. Бұл қазақстандық боксшы үшін бірінші нағыз және салмақты қарсылас. Бұл кездесудің жеңімпазы абсолют чемпион кім болатынын шешеді. Өйткені жеңімпазға бір ғана титулды - тек WBA белбеуін жеңіп алу қалады. Чарло қазір қандай күйде екенін білмеймін. Үш жыл бұрын ол фаворит еді, бірақ қазір бәрі басқаша. Бұл қызықты жекпе-жек болады", - дейді Маккаферри.
Жарнама