Бокс
8 қаңтар 09:29
 

Сарапшы Жәнібектің карьеарсына қатысты түбегейлі өзгерісті болжады

  Пікірлер

blog.share

Сарапшы Жәнібектің карьеарсына қатысты түбегейлі өзгерісті болжады ©Top Rank

Америкалық журналист Джек Маккаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) өнер көрсететін орта салмақта абсолют чемпионның пайда болуы туралы ойын айтты. 

blog.share

Америкалық журналист Джек Маккаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) өнер көрсететін орта салмақта абсолют чемпионның пайда болуы туралы ойын айтты. 

Қазіргі таңда қазақстандық боксшыда негізгі ұйымдардың екі белбеуі бар - IBF және WBO. Абсолют атануға керекті өзге екі толыққанды титул WBA мен WBC кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) мен доминиканалық Карлос Адаместе (24-1, 18 КО).

Сарапшы мынандай болжамын айтты:

"Жыл басындағы Дензел Бентлимен жекпе-жек Әлімханұлы үшін шешуші болады. Жәнібек белбеуін сәтті қорғап, WBC чемпионымен жекпе-жекке жол ашады. Сенімді жеңіс Туркидің жоспарына кірген Жәнібектің дәрежесін нықтай түседі. Менің ойымша, біз үш титул үшін айқасты жазда тамашалай аламыз, ал одан кейін WBA белбеуінің кезегі де келеді. Орта салмақта көптен бері абсолют чемпион болған жоқ. 

Сауд Арабиясында осындай тарихи шараны өткізгісі келетін болар. Келесі жылдың соңында орта дивизионда аболют чемпионды көре аламыз деген ойдамын. Меніңше, Әлімханұлының осы атаққа жетуге мүмкіндігі бар", - дейді Маккаферри.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!