Сарапшы Головкиннің салмақ өлшеудегі алаңдатарлық күйіне қатысты ойын айтты

"Лаборатория бокса" YouTube арнасының авторы WBA титулына ие Риота Муратамен (16-2, 13 KO) жекпе-жек алдында IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

12 раундқа есептелген бұл айқас 9 сәуір Жапонияда өтеді.
"Бүгін Головкин мен Мурата орта салмақтың ең жоғары шегін көрсетті - екеуі де 72,6 келі. Геннадий бұлшық ет жинап, бабында сияқты көрінді. Кейбіреулер салмақ өлшеуде ақсаңдап жүрді дейді. Шынын айтсам, мен ондайды байқамадым", - деп жазыпты ол өзінің телеграм арнасында.
Жарнама