Sports Illustrated шолушысы Джозеф Хаммонд қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына (16-0, 11 КО) қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.
Сарапшының ойынша, Жәнібек қазірдің өзінде әлемдегі ең мықты боксшылардың тізіміне кіруі керек.
"Жәнібектің барлық төрт титулды үш салмақта жинау амбициясы бар, бұл туралы ол KO On SI-ге берген сұхбатында айтты. Әрине ол әзірге атақты боксшы емес. Ал оның спорттағы даңқты тұлғаларға үн қатуы - Мухаммед Али стиліндегі мақтану ғана емес. Әлімханұлы салмағына қарамастан ең мықты боксшылардың ондығына, болмағанда он бестігіне кіруге лайық екені анық", - деп жазыпты автор.
Әйгілі промоутер "Канело" үшін ең қауіпті қазақ боксшыны атады