Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) бұл жолы жекпе-жек өткізіп емес, әлеуметтік желідегі белсенділігімен назарға ілікті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл жолы қатардағы жанкүййер емес
Бұл жолы ащы пікірді жай жанкүйер емес, FOX NFL Sunday бағдарламасының редакциялық кеңесшісі әрі бокс трансляцияларының продюсері Марк Ортега жазыпты.
Ортега Әлімханұлының WBC чемпионы доминикандық Карлос Адаместі "жаншып тастаймын", "зейнетке шығарамын" деген жазбасына қатысты пікір білдірді.
"Әлімханұлының парақшасын жүргізіп отырған адам боксшы бола алмай қалған арманын осылай шындыққа айналдырғысы келетін сияқты. Бұған бір аяншысыз қарай да ламйды екенсің", – деп жазды Ортега әлеуметтік желіде.
Whoever it is running Alimkhanuly's account is probably cosplaying their dream of being a boxer and it's really actually sad to see https://t.co/NI3MRW7cLi
— Mark Ortega (@MarkEOrtega) April 24, 2025
Сонымен бірге, ол мысқылдап былай деп жаза кетті:
"Мәтінді көшіріп, сала салудың орнына скриншот жүктеу деген - бұл енді нағыз аталардың стилі. Ал телефон панелі көрініп тұрған фотоны жүктеу, жәй ғана дұрыс сақтасаңыздардшы!".
Screenshotting your lawyer’s text instead of copy+pasting it is so old man. Just think of how many people you know who screenshot photos and not cropping their phone toolbar lit instead of just saving the photos
— Mark Ortega (@MarkEOrtega) April 24, 2025
Жәнібек кейінгі рет 5 сәуір күні Астанада жұдырықтасып, орта салмақта WBO және IBF титулдарын қорғап қалды. Бұл айқаста ол франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) бесінші раундта нокаутқа түсірген еді.
Жарнама