Қазақстандық Санжар Тәшкенбай Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа толмаған бокшылар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
48 келідегі ширек финалда Санжар малазиялық Чамбай Джексонды жеңді. Үшінші раундта қазақ боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді.
Еске салайық Санжар Тәшкенбай жастар арасында әлем чемпионы.
Бүгін, 20 қаңтарда рингке Даниял Сәбит (51 келі), Нұрсылтан Алтынбек (54), Махмұт Сабырхан (57) және Талғат Сырымбетов (60) рингке шығады.