Бүгін, 18 қаңтарда Таиландтың Бангкок қаласында бокстан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні бастау алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өтетін бұл турнирде Қазақстан атынан рингке бірінші болып Санжар Тәшкенбай шықты, 48 келідегі 1/8 финалдық айқаста оның қарсыласы қырғызстандық Анваржан Ходжиев болды.
Бұл жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Санжар жеңіске жетті.