Бокс
Кеше 10:14
 

Санчес Әлімханұлы мен "Канело" айқасына қатысты ойын ашық айтты

  Пікірлер

blog.share

Санчес Әлімханұлы мен "Канело" айқасына қатысты ойын ашық айтты ©

Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес орта дивизиондағы Жәнібек Әлімханұлының физикалық мүмкіндігі екінші орта салмаққа ауысып, мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізуге жететінін айтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес орта дивизиондағы Жәнібек Әлімханұлының физикалық мүмкіндігі екінші орта салмаққа ауысып, мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізуге жететінін айтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшылармен жақсы таныс бапкер

Головкинді жаттықтырған бапкер қазіргі таңда өзге қазақстандық боксшы - бірініш орта салмақтағы Садриддин Ахмедовпен жұмыс істейді. 

"Жәнібек – дене бітімі ірі жігіт, сондықтан екінші орта салмақ оған жақсы келеді. Бұл дивизионда мықты жекпе-жектер көп. Егер ол Геннадий сияқты орта салмақты толықтай "тазартса", онда салмақ ауыстыру – орынды қадам болар еді. Мен оның "Канеломен" кездесуін ұызыға көрер едім – бұл Альварестің екі қазақстандықпен айқасқанын білдірер еді, ал бұл өте керемет! Жәнібектің дене біті осы салмаққа келеді, сондықтан мен бұл жекпе-жекті шынымен көргім келеді", – дейді Санчес The Ring басылымына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Жәнібек мексикалық жұлдызды жеңсе, бұл Геннадий Головкиннің мұрасын жалғастыру болар еді. Еске салайық, "Канело" мен Головкинмен рингте үш рет кездескен.

Жәнібек белбеулерін сәтті қорғап келеді

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуірде Астанада өткен соңғы жекпе-жегінде орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды. Бесінші раундта Жәнібек франциялық Анауэль Нгамиссенгені нокаутқа түсірген болатын.

Ал Сауль "Канело" Альварес 3 мамыр күні кубалық Уильям Скуллмен екінші орта салмақта абсолют чемпион атағы үшін айқасады, ал күзде америкалық Теренс Кроуфордпен кездесуі мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!