Санатәлі Төлтаев Ташкенттегі ӘЧ-де кәсіпқой боксшыны жеңді

Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Ташкентте өтіп жатқан ӘЧ-дегі бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Ташкентте өтіп жатқан ӘЧ-дегі бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
63,5 келіде өнер көрсететін Төлтаев 1/32 финалда израильдік Ахмад Штивимен жұдырықтасты. Штиви кәсіпқойда да өнер көрсетіп жүргенін айта кетейік. Оның кәсіпқой рингтегі рекорды 8-0 (6 КО).
Екі боксшы да жақсы жекпе-жек көрсетті. Алайда үш раунд қортындысы бойынша төрешілер жеңісті Санатәліге берді.
Еске салайық, Төлтаев Азия чемпионатының қола жүлдегері.
Жарнама